Компания туралы

Осы каталогта ұсынылған медициналық мекемелердің тізімі кездейсоқ таңдауға негізделеді. Міне, он жылдан астам уақыт бойы біздің ГЛИММед GmbH медициналық қолдау көрсету қызметіміз Еуропаның және Германияның медициналық қызметтер рыногында жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде біз көптеген шетелдік медициналық мекемелермен ынтымақтасудың баға жетпес тәжірибесін жинай алдық, ал ең бастысы – біздің мыңдаған ресейлік клиенттерімізге денсаулыққа байланысты алуан түрлі мәселелердің тиімді шешімін табуға көмектесу. Біздің пациенттерімізге кеңестер беру, тиімді медициналық мекемелерді іздестіру және жетекші шетелдік мамандармен байланысу – біздің күнделікті жұмысымыз. Бүгінгі күнгі медицинаның соңғы үдерістерінен хабар үзбеу үшін, біз клиникалардың, олардың қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы кезеңдік медициналық басылымдардың мониторингін жүргізіп отырамыз.

ГЛИММед қызметінің философиясы – біздің пациенттеріміз үшін дүниежүзілік медицинаның ең алдыңғы қатарлы жетістіктерін қолжетімді етіп жасау. Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы соңғы жылдары бірқатар керемет және революциялық жаңалықтарды ашты. Прогрестің жаңа толқыны туындайтын жерде біз де бармыз. Біз, соңғы жаңалықтардың жемісін, батыс Еуропаның элиталы пациенттерінің шағын ортасының жекелеген артықшылықтары ретінде ғана болып қалмауын қалаймыз. Оған қоса, алдыңғы қатарлы медициналық мекемелерде емделуді насихаттай отырып, біз барынша көп пациенттерге денсаулықтарын жақсартуға жаңа сенім ұялатып және дұрыс жолды табуларына көмектесеміз деп сенеміз.

Тек біз ғана, өз денсаулығыңды бейтаныс мамандарға сеніп тапсырудың, белгілі бір медициналық мекемені таңдаудың қаншалықты қиын екенін түсінеміз. Кез келген шетелге емделуге баратын пациент: ірі университеттік клиниканы таңдау керек пе, не болмаса шағын жинақы аурухананы, көп салалы аурухананы немесе аз салада мамандандырылған медициналық мекемені таңдау керек пе, - деген сияқты бірқатар сұрақтарға жауап іздейді. Сіз, бізге хабарласа отырып, бірегей тәжірибеміздің негізінде сіздің жеке сұранысыңызға лайықты мамандар мен мекемелерді таңдап беретіндігімізге сенімді бола аласыз. Оған қоса, біздің таңдауымыздың ең басты критерийі - сол мекеменің қабырғасында, пациенттің ауру тарихы мен оның шағымдарын және аурудың симптомдарын қарастыруға жеке, кешенді қызмет көрсету негізінде медициналық қызмет көрсетудің тиімділігі болып табылады.

Оған қоса, біз, кейде шет елде, бейтаныс жерде, туыстарың мен достарыңның қолдауынсыз болудың қаншалықты қиын екенін де түсінеміз. Сондықтан да, біз, өзіміздің пациенттеріміз үшін барынша ыңғайлы болу мен олардың жақсы демалуына жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз, өйткені жанның тыныш болуы – тез сауығып кетудің алғышарттарының бірі. Германиялық клиникалардың сервисі мен ыңғайлы орналасуының, медициналық қызметкерлердің мейірімді қарауының және біздің орыс тілді қызметкерлеріміздің тұрақты түрдегі қолдауының арқасында, сіз өз үйіңізден қашықта екеніңізді уақытша ұмытып кетесіз. Ал альпі тауы мен Баварияның ландшафттарының таңғажайып табиғаты, оның қайталанбас және өзіндік ерекшелігі бар мәдениеті, ортағасыр қорғандары мен елдің заман талабына сай инфрақұрылымы ең жарық әсерлер қалдырады. Бұл каталогты ұсына отырып, сіз Баварияның заман талабына сай медицинасының деңгейі туралы және біздің клиника-әріптестеріміз жайлы жалпы мағұлмат, әрі емдеудің жаңа әдістері мен осы керемет ел туралы танымдық ақпарат алатындығыңызға сенімдіміз. Өкінішке орай, басылымның шектеулі көлемі сізге атаулы медициналық мекемелердің барлық ерекшеліктері, арнайы бағыттары мен артықшылықтары туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік бермейді. Қосымша ақпаратты сіз Интернеттегі glimm-med.de мекенжайы бойынша орналасқан бетті аша отырып, ала аласыз.

Біздің Мюнхендегі және Мәскеудегі әріптестеріміз және мен сіздің көкейіңіздегі барлық сауалдарыңызға жауап беруге әрқашан ризамыз.

Ізгі тілекпен

ГЛИММед GmbH медициналық қызметінің Бас директоры

Людмила Григорьевна Апарина

По вопросам лечения в Германии пишите по электронной почте или отправьте заявку на лечение в Германии.